Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Ресейден келгендер мәселесі бойынша келіссөздер жүргіземіз – Тоқаев

Танымал

Ел аузында

Қазіргідей күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдық танытуымыз керек. Бұл пікірді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан халқымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі», – деді Мемлекет басшысы. 

Оның айтуынша, соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Ал олардың көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр.

«Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым», – деп атап өтті Президент.

Ол Ресей тарапымен келіссөз жүргізіп, бұл түйткілдің ел мүддесіне сай шешілетініне сендірді.

«Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек. Мен қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде және осы жолы киелі Түркістанда ата-бабаларымызға құран бағыштап, хандарымыздың рухына тағзым етіп, Алладан бір-ақ тілек тіледім. Ол – еліміздің амандығы және халқымыздың бірлігі», – деді Президент.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...