Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Алматылық торакалды хирургтар кеуде қуысының пішіні бұзылған науқастарға МӘМС шеңберінде ота жасайды

Танымал

Ел аузында

16 жастағы жасөспірімнің кеуде қуысы үлкейіп, қабырғалары сыртқа дүмпиіп шығып кеткен. Салдарынан оның тыныс алуы, қозғалысы қиындаған, деп хабарлайды Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
Анасының айтуынша, баланың кеудесіндегі патология 6 жасында пайда болған. Уақыт өте келе томпайып шығып үлкейе бастапты. Жан-жақты тексергеннен кейін торакальды хирургтар ота жасау туралы шешім қабылдады. Пациент «Туабітті жүрек ақауы. Кеуде қуысының деформациялануы. 3-ші деңгейлі ассиметрия» деген диагнозбен аурухананың Торакальды хирургия орталығына жатқызылды.
Нұрлан Жарылқапов пен Мұқтар Нысанбай, анестизиолог Таива Ракова мен операциялық медбике Динара Орталықтан құралған бригада күрделі отаны сәтті жасап шықты.
«Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды. Пациентке Кандрашин әдісі бойынша торакапластика жасалып, кеуде қуысына титан пластина орнатылды. Науқас отадан соң 7 күн өткеннен кейін ауруханадан шықты», – дейді торакалды хирург Мұқтар Нысанбай.
Кеуде қуысының деформациясы әдетте туабітті немесе жүре пайда болады. Бұл ақау көбін ұл балаларда кездеседі. Уақтылы түзетпесе асқынып, пациенттің тыныс алуы қиындап, кеуде тұсы аура бастайды. Бір жақсысы, қазір оны хирургиялық жолмен түзетуге болады.
Естеріңізге салсақ, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады және медициналық қызметті ақысыз пайдалана алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...