Еліміздің алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

Танымал

Ел аузында

3 қазанда түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.

Бүгін, 3 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, осы күні Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, батысында екпіні 23 м/с дейін барады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, аймақтың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

«3 қазанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел ұрып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Бүгін күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан тұрады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады», – деп мәлімдеді синоптиктер.

3 қазанда түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...