✍️ Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank серіктестігінде ұйымдастырылатын «Еркін сөз» шығармашылық байқауы биыл да өз жалғасын табады!
🔟 2017 жылдан бері, яғни 10 жыл бойы өткізіліп келе жатқан байқаудың мақсаты – қазақ тілінде ақпарат тарататын журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сапалы материалдар арқылы қоғамның қаржылық сауатын көтеру.
💡 Байқауға қаржы және қаржылық сауаттылық тақырыбындағы, халыққа пайдалы әрі өзекті мәселелерді жан-жақты қамтыған журналистік жұмыстар қабылданады.
🏆 Байқау номинациялары:
🎥 «Үздік видеосюжет»
📰 «Үздік мақала» (газет)
💻 «Сайттағы үздік мақала»
📌 Қатысу шарттары:
✅ Байқауға Қазақстанда қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын республикалық, халықаралық және өңірлік БАҚ журналистері қатыса алады;
✅ 2026 жылғы 1 қаңтар мен 21 қазан аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады;
✅ Әр журналист байқауға бір ғана жұмыс ұсына алады;
✅ Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады;
✅ Мақаланың WORD форматындағы нұсқасы және жарияланған материалдың сілтемесі қоса жіберілуі қажет;
✅ Телесюжет телеарнаның YouTube арнасында жарияланған болуы тиіс;
✅ Өтінімге журналист туралы қысқаша ақпарат, 3×4 фотосурет және байланыс телефоны тіркеледі.
⏰ Материалдарды қабылдаудың соңғы мерзімі:
2026 жылғы 21 қазан, сағат 23:00-ге дейін.
🎉 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылғы 11 қарашада өтеді.
📧 Материалдарды қабылдау:
erkinsoz2026@gmail.com
📲 Толық ақпарат:
+7 778 878 3408 (WhatsApp)
🔗 Байқау ережесі:
https://ttjk.info/erkin-s-z-2026-shy-armashyly-baj-auy/
Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған маңызды тақырыптарды көтеріп, кәсіби шеберлігіңізді танытыңыз! ✨
Әріптестеріңізбен бөлісіп, байқауға қатысуға шақырыңыз!