Бұған дейін ол Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған.
Әсел Жанасова «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол 2010 жылы Президенттің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетінде информатика саласындағы бакалавр дәрежесін алды. 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М.Ломоносов атындағы ММУ-ді «Executive Management» бағдарламасы бойынша бітірген.
2010 жылдан 2014 жылға дейін Әсел Жантасова Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры қызметін атқарды. Ол команданы басқарды және әртүрлі елдерде (Қазақстан, Африка, Еуропа, Қытай және Ресей) ірі Стратегиялық жобаларды енгізді.
2014-2016 жж. аралығында Ұлттық банктің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, Ұлттық банкттің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.
2016-2017 жж. аралығында «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысының кеңесшісі болып жұмыс істеді. ҚР сауда және интеграция вице-министрі лауазымына тағайындау алдында 2018 жылдан 2020 жылға дейін АХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.
2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі тағайындалуына дейін Әсел Жантасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.