Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

Танымал

Ел аузында

Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 393 720 адамнан анықталса, соның ішінде 1 378 992 адам сауықты.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті.

Атап айтқанда, Астана қаласында – 7, Алматы қаласында – 9, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында – 2, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 1,Ұлытау облысында – 1, Қостанай облысында – 3, Қызылорда облысында – 1, Павлодар облысында – 1. 

Сондай-ақ 3 қазандағы тәулік ішінде 104 адам аталған індеттен жазылып шықты: Астана қаласында – 10, Алматы қаласында – 12, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 15, Қарағанды облысында – 6, Ұлытау облысында – 2,Қостанай облысында – 46, Қызылорда облысында – 1, Павлодар облысында – 6, Түркістан облысында – 3. 

Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 393 720 адамнан анықталса, соның ішінде 1 378 992 адам сауықты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Еліне қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен азамат

«Жақсылық қылсаң халқыңа, бір қайырымын аларсың», – деп бабаларымыз айтқандай халқымыз ежелден елі үшін аянбай тер төккен дара перзенттерін...