Қазақстанда Республика күні ресми түрде қайтарылды, осыған байланысты қазанға бір демалыс күні қосылады. Желтоқсанда, керісінше, бір демалыс күні алып тасталды. Мерекелердің жаңартылған күнтізбесі Tengrinews.kz материалында.
Бұдан былай 25 қазан Қазақстанда ұлттық мереке – Республика күні. Биыл ол сейсенбіге сәйкес келеді. Мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күні 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылды.best.tele2.kzреклама
Осылайша, 22 қазан, сенбі жұмыс күні болып, Республика күні қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 23, 24 және 25 қазан.
Қарашада мереке күндері жоқ.
Желтоқсанда қазақстандықтарды тағы бір өзгеріс күтіп тұр.
Біріншіден, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні демалыс болмайды. Ол мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталды, енді ол Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы даталарға және әлеуметтік мәні жоғары әлеуеті бар басқа да даталарға ұқсас болып қалдырылды.
Биыл 1 желтоқсан бейсенбіге сәйкес келеді және толық жұмыс күні.
Екіншіден, биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады.
Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күні болады.