Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтап жатқаны айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бас прокуратура Қостанайдағы «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс пен өрттің себебін атады.
Бас прокуратура мәліметінше, 3 қыркүйекте Қостанайда болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
«Тергеуде дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 келі оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алғаны анықталды.
Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған. Сарапшылар жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты деген қорытындыға келді», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтап жатқаны айтылды.
Еске салайық, өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қаза болды. Олардың бәрі дүкен қызметкерлері. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды.