Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Алғаш рет полицейлердің ұйымдастыруымен «Түркістан рухани, қауіпсіз қала» форумы өтті

Танымал

Ел аузында

Түркістан төрінде бұрын-соңды болмаған, форум өтті.
Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің нұсқауымен, Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаевтың ұйымдастыруымен, «Түркістан рухани, қауіпсіз қала» тақырыбында ауқымды форум өтті.
Аталған жиынға ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, танымал спортшы Ардақ Назаров, медиаэксперт, саяхатшы, журналист Өркен Кенжебек, заңгер, сарапшы, журналист Нұрділда Ораз, кәсіпкер, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов, әнші, спортшы Ескендір Ибрагим арнайы спикер ретінде шақыртылды. Олар сахна төріне шығып, рухани астана атанып келе жатқан облыс орталығын қауіпсіз қала ету туралы мән-мағыналы пікірлерін жеткізіп, жұртшылықтың жүрегіне жетер ойларын ортаға салды.
Форумға полицейлермен бірге әкімдік қызметкерлері, прокуратура өкілдері, Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен депутаттар, жергілікті тұрғындар, оның ішінде мұғалімдер мен оқушылар, студенттер, БАҚ пен әлеуметтік желі белсенділері қатысты.
Форумның шымылдығын көрермендерге ой саларлық театрландырылған көрініс ашты. Сахнада әйелін ұрып жатқан күйеу, баласын тастап кеткен көкек ана, өрімдей қазақ қыздарының жеңіл жүрісі, жастардың есірткіге елітіп, құмар ойынға құмартып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізуі сынды оқиғалар көрсетіліп, соңында заң бұзушылық жасамау қажеттілігі ұғындырылды.
Одан әрі рухани астана – Түркістан қаласының бас полицейі Б. Жанаев баяндама жасап, форумның мақсаты мен полицейлердің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын тілге тиек етті: «Жыл басынан бері жанұядағы жанжал бойынша 580 шақырту түссе, оның 360-ы ішімдік ішкендермен болған. Мас халдегілермен 11 қылмыстық іс тіркелсе, 153 дерек көлік тізгіндеумен байланысты. Демек қылмыстардың орын алуына ішімдіктің едәуір әсер ететінін ескеріп, Түркістанды қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала етуге жұмыла ат салысуымыз»- деп атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается акция «Социальная мастерская». Основной целью акции является оказание помощи в улучшении...