Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.2 C
Nur-Sultan
16.8 C
Almaty
21.1 C
Shymkent

Төлебилік қос қарияға мерекелік көңіл-күй сыйланды

Танымал

Ел аузында

Қарты бар елдің-қазынасы бар. Олардың орны әрқашан төрде. 1-қазан Қарттар күні қарсаңында, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев бастаған, полиция басшысы Руслан Ендібаев, басқа да мекеме басшылары бірге жұмыс күнін үлкендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, құрмет көрсетуден бастады. Яғни өмірден көргені мен түйгені мол асыл әжеміз бен ақсақалды қариямызды арнайы мерекелерімен құттықтап, қал-жағдайларын біліп қайтты.

Атап айтсақ, ауданның өсіп өркендеуі жолында еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қазыналы қарияларымыз, ҰОС-ның ардагері Рысмет ата мен тыл еңбеккері Майдан апаға ізгі тілектерін жеткізіп, естелікке сый-сияпат тапсырды.

«Сіздер елдің тыныштығы мен тұтастығы, бірлігі мен берекесінің сақталуына қосқан үлестеріңіз зор. Сіздердің үлгі-өнегелеріңіз біз үшін баға жетпес байлық болып саналады. Ұзақ жасаңыздар, дендеріңіз сау болсын»-деген ақжарма тілектер айтылды. Соңында қарияларымыз қызметте жүрген ұл-қыздарына ақ батасын берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Спорт- денсаулық кепілі» атты кездесу өтті

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде  – ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесіне  орай, спортшы, мемлекеттік...