Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Үйінің ауласына «сора» есірткісін еккен әйел анықталды

Танымал

Ел аузында

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысушаларды анықтау, жолын кесу мақсатында жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осы аралықта полицияға мақтааралдық тұрғынның бірі өз ауласына есірткі өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты растау негізінде Түркістан облысы ПД-нің әуеге ұшатын камерасы (дрон) алдырылды. Аталмыш құрылғымен Мақтаарал ауданына қарасты елдімекендер мен «Сырдария» өзенінің жағалаулары, тоғайлы және егістік алқаптарында тексеру жұмыстары тыңғылықты жүргізілді. Соның нәтижесінде полицейлер ауласында есірткі егілген үйді анықтады. Күдікті орта жастағы әйелдің ауласына тінту жүргізу барысында, 3 түп есірткіге ұқсас өсімдік айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолданды. Нәтижесінде алынған зат «сора» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда сезікті жалғызбасты әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға, тек салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...