Қызметтік ит шекарадан есірткімен өтпек болған адамды анықтады

Танымал

Ел аузында

Ұсталған орта жастағы азаматтың Өзбекстан елінің тұрғыны екені анықталды

Түркістан облысында қызметтік иттің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек Жолы шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. 

«Онда Пайк атты қызметтік ит Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі береді. Күдік тудырған азаматты тоқтатып, тексеру кезінде оның күртешесінің оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның марихуана есірткісі екені расталды», – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ ұсталған орта жастағы азаматтың Өзбекстан елінің тұрғыны екені анықталды. 

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық өнерін әлемге танытты. Түркияның Аланья қаласында өткен «Golden Stars Alanya» II...