Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Теңге әлде рубль? Астанадағы азық-түлік дүкені бағаны не үшін рубльмен белгілегенін түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Аппарат қалай шығарады, біз солай қоямыз.

Сол жағалаудағы елордалық дүкендердің бірі тауар бағасын рубльмен белгілеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Дүкеннің сатушысы бұдан ешқандай астыртын ой іздеудің қажеті жоқ екенін жеткізді.

«Біздегі бағдарлама солай шығарады. «Рубль», «теңге» деген сөздерге жармаспай-ақ қояйық. Аппарат қалай шығарады, біз солай қоямыз. Сондықтан баға теңгемен көрсетілген», – деді сатушы.

Azattyq Ruhy тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен осыған қатысты пікірін сұрап білді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңының 38-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi- (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 24-бабына сәйкес, сатушы бағалар зат таңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын теңгемен көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті», – деп жауап берді олар.

Айта кетейік, елімізге 21 қыркүйектен бері Қазақстанға 200 мыңға жуық ресейлік кірген. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 70 мың ресейлік ЖСН алғанын айтқан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Су тасқынының шарықтау шегі қашан болады? Ғалымдардың жауабы

Биыл елімізде көрші елден мол су келіп жатыр. Бұл ағын қашанға дейін жалғасады? Шарықтау шегіне қашан жетеді? Massaget.kz тілшісі сарапшылардың пікірін...