Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Шардара ауданында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталуда

Танымал

Ел аузында

Ағымдағы жылдың қазан айының 10-17 күндері аралығында Шардара ауданы аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Нақтырақ айтсақ, шардаралық полицейлер аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс нысандарын тексеріп шықты. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 10 құқық бұзушылықты анықтап, оларға қатысты құжаттарды сотқа жолдады.

Жалпы іс-шараның мақсаты – облыс аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль  на турнире по дзюдо среди юношей ASKHATOV OPEN. Соревнования объединили сильнейших юных...