Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Жұмыс берушісінің атынан несиеге алтын шығарып алған алаяқ анықталды

Танымал

Ел аузында

Төлеби аудандық полициясына  жергілікті тұрғын арызданды.  Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның атынан танысы банк қосымшасы арқылы несиеге алтын әшекей алған. 
Алайда бұл туралы жәбірленуші 1 ай уақыт өткен соң, яғни банк тарапынан қарызыңызды төлеңіз деген хабарлама келгенде ғана білген. Тұрғын осы мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында полицейлерден көмек сұрайды. 
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын жасаған ер адам болып шықты.   Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіге несиеге алтын әшекей  шығарып беремін деп ұялы телефонын алған. Содан банктен мақұлдау алса да, жәбірленушіге атыңнан несие шықпады деп жалған ақпарат берген. Ары қарай алаяқтық жолмен тапқан алтынды ломбардка өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсап жіберген. 
Жәбірленушіге келген шығын көлемі 600 000 теңге. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...