Полицейлер жоғалған 330 бас малды иелеріне тауып берген

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында жыл басынан бері 204 дерек мал ұрлығы тіркелсе, оның 67-сі қорадан ұрланып, 137-сі жайылымнан кеткен.  Сонымен қатар түркістандық тәртіп сақшыларының жедел шараларының нәтижесінде, жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 14 қылмыстық топ құрықталды.     Олардың 76 дерекке қатыстылығы анықталды. Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы 868 төрт түлік ұрланса, оның ішінде 330-ы табылып, өз иелеріне қайтарылған.                                 
 Жоғарыдағы статистикалық мәліметтен көріп отырғандарыңыздай, мал ұрлығының басым көпшілігі тұрғындардың салғырттығынан орын алады. Яғни жайылымдарға қараусыз жіберілген үй жануарлары ұрылардың оңай олжасына айналады. Сондай-ақ құжатсыз мал тасымалдайтын көліктер де мал ұрлығы қылмысының орын алуына себепкер болып жатады. 
Осыған байланысты облыс полицейлері қылмыстардың алдын алу үшін рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тіпті мал тасымалдайтын жүк көліктері мен автокөліктерді, мал сойып ет өңдейтін орындарды да тексеруді назардан тыс қалдырған емес.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...