Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Полицейлер есірткі жарнамалаған 214 сайтты анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысының полицейлері интернет әлеміндегі есірткі саудасына тосқауыл қою, есірткі қылмысының алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.

Мәселен жыл басынан бері ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлерімен, осындай заңсыз әрекетпен айналысатын 214 есірткі сайттары анықталып, оларды бұғаттау бойынша шешім қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органға жолданған.
Жалпы облыс полицейлері 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысын тіркеді. Оған қоса 208 есірткі теріс қылықтары анықтады. Оның ішінде 19-ы есірткі сату қылмысы, 19-ы аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і есірткі контрабандасы. Есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды. Сондай-ақ 200 000 түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленіп алынды.
Түркістандық тәртіп сақшыларымен бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар атқарылып, есірткісіз қоғамның қалыптасуы жолындағы іс-шаралар іске асырыла бермек. Есірткімен күрес – ешқашан тоқтамайды!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...