Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Жаяу жүргінші жолымен қашқан мас жүргізуші ұсталды

Танымал

Ел аузында

Кентау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады.
Яғни, түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде «Huyndai» маркалы автокөлік полицейлерге күмән тудырды. Оны тоқтату барысында автокөлік жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетіп жаяу жүргінші жолымен қаша жөнеледі. Нәтижесінде қырағы полицейлер көлік иесін көп қабатты үйлердің арасынан қысып тоқтатады. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары «Huyndai» жүргізушісі көлікті мас күйінде басқаруы мүмкін деген тұжырымға келді.
Оған медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп, іс құжаттар жинақталып, заңды шешім шығару үшін сотқа жолдады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...