Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Семейде тұрғын үйлер маңы өртке оранды

Танымал

Ел аузында

Өрт сөндірілгеніне қарамастан, периметрді күзету және қайта тұтануды болдырмау мақсатында өрт орнында техника мен жеке құрам әлі де кезекшілік етіп жатқаны айтылды.

Семейде өртсөндірушілер тұрғын үйлерді өрттен аман алып қалды. Үйлерден 100 метр қашықта бірнеше гектар қамыс өртенген, қатты жел салдарынан өрт кез келген уақытта таралуы мүмкін еді, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

16 қазанда сағат 18:00 шамасында Семей қаласының Пржевальский көшесі бойындағы ашық жерде үш гектар аумақта қамыс өртенді.

«Жақын жердегі тұрғын үй секторы өрт ошағынан 100-150 метр қашықта болды. Өрт шыққан орынға облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік күштері мен құралдары жіберілді. Елуден аса өртсөндіруші күшімен өрт ауыздықталды. Өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі жойылды, зардап шеккендер жоқ. Сағат 20:22-де өрт сөндірілді», – деді Иманқұлов.

Өрт сөндірілгеніне қарамастан, периметрді күзету және қайта тұтануды болдырмау мақсатында өрт орнында техника мен жеке құрам әлі де кезекшілік етіп жатқаны айтылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...