Батыс Қазақстанда 15 жастағы бала оққа ұшты

Танымал

Ел аузында

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқ жасөспірімнің қарын тұсына тиген.

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқ жасөспірімнің қарын тұсына тиген.

«Қазіргі таңда оның денсаулық жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Санавиациямен облыс орталығына жеткізілді, қасында балалар реаниматологы болды. Қазіргі таңда облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдай тұрақты, дұрысталып келеді», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...