Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

800 келіге жуық дәнді дақыл мен 150 келі сарымсақ жымқырған екі жас жігіт анықталды

Танымал

Ел аузында

Келес аудандық полиция бөліміне дәнді-дақылдарды көтерме бағада сатумен айналысатын жергілікті тұрғын арызданды.

Ер адамның айтуынша, оның үйінің ауласына белгісіз біреулер жасырын кіріп, 10 қап ноқат, 2 қап ловия, салмағы 30 келі болатын маш, 1 қап күріш, 5 қап сарымсағын жымқырып кеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Аталған жайт ҚР КҚ-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Ақпарат бойынша полицейлер бірден жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Куәлардан жауап алып, жақын аумақтағы барлық бейнебақылау камераларын қарап шықты. Көтерме бағада жеміс-жидек, көкөністер сататын базарларды да қарап шықты. Тексеру нәтижесінде жәбірленушінің ұрланған дақылдары өзгеге сатылғаны анықталды. Осылай жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жинақталған ақпарат көздері арқылы өзгенің мүлкін сатып кеткен күдіктілердің көлігі, оның жүрген жері анықталды. Сол арқылы сезіктілердің көлігі көшелердің бірінен тоқтатылды. Күдікті ретінде екі жас жігіт анықталды. Олардың көлігінен 1 қап күріш пен 1 қап маш айғақты зат ретінде алынды. Белгілі болғандай, күдіктінің бірі алдын жәбірленушіге зат өткізіп жүрген. Содан ақша қажет болғаннан кейін туысымен бірге ұрлыққа түсіп, арам ойын іске асырған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс құжаттары жеделдетілген түрде сотқа жолданды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...