Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Тыйым салынған зат тәркіленді

Танымал

Ел аузында

Жақында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға келген сәлем саухатты режим бөлімінің қызметкерлері әділет старшинасы Саханова Д.А., және әділет аға сержанты Шаданов О., 5546 әскери бөлімінің атқыштар ротасының бақылаушылар взводының маман бақылаушысы кіші сержант Турсунбаев А.Х., тексеру барысында сотталған С.А., келген салем саухат ішінен тіс пастасының ішіне жасырын түрде түссіз пакетке оралған өзіне тән иісі бар қою жасыл түсті белгісіз зат табылып тәркіленді.

Сәлем саухатты әкеліп тұрған азамат М.А., жауап алу барысында Маңғыстау облысынан келген поездан күтіп алғанын және осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға сәлем саухат арқылы беріп жіберуін өтінгенін айтты. Сәлем саухатты мекемеге әкеліп берген азамат бұрын өзі осы мекемеде жазасын өтеп шыққан. Болған жағдай бойынша Атырау қалалық ІІБ жедел тергеу тобы шақыртылып жағдайды анықтау мақсатында тәркіленген зат және М.А. азамат тергеу тобына тапсырылған.

Ғ.А.Қазыбай, №15 мекемесінің режим бөлімі бастығының міндетін атқарушы, әділет капитаны

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...