Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Сенаторлар Шымкент қаласындағы ҚАЖ мекемесін аралады

Танымал

Ел аузында

       Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіруге бағытталған тапсырмаларын іске асыру мақсатында, 18 қазан күні Қазақстан Республикасы Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков бастаған бір топ Сенат депутаттары Шымкенттегі №54-ші қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде болып, мекеменің тұрмыс-тіршілігімен, ішкі жағдайларымен танысты.

       Халық қалаулылары бірінші кезекте  мекеменің медициналық емдеу бөліміне келіп, дәрігерлермен жүздесті. Олардан дәрі-дәрмектің жеткіліктілігін, медициналық емдеу құрал-жабдықтарының жай-күйін сұрастырып, одан әрі осында емделіп жатқандардың жағдайларына назар аударды. Депутаттар назарынан сотталғандар жататын жатын бөлмелері, асхана бөлмесі де қараусыз қалған жоқ.

       №54-ші түзеу мекемесінің ауласында өзінің өндіріс аймағы бар. Мұнда шағын нан зауыты, тігін цехтары, ағаш, темір ұстаханалары жұмыс істейді. Тапсырыс берушілердің сұраныстарына сәйкес дайындалған қолөнер бұйымдары – домбыра, үй жиһаздары, жұмыс киімдері, тағамдық ағаш астаушалары, тағы да басқа түрлі бұйымдар осында жазасын өтеп жатқандардың шебер қолдарымен жасалған дүниелер екен.

      Халық қалаулылары аталған өнімдерді көріп болғаннан кейін, жазасын өтеп жатқандарды жұмыспен қамтып отырған «Еңбек-Шымкент» РМК өкілдеріне, жұмыс беруші мекемелерге, ішкі тәртіптің жауапкершілігіне жылы лебіздерін білдірді.

       Мекемені аралау барысында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшысы Теңізжан Жәнібеков РМК «Шымкент-Еңбекті» одан әрі дамытуды, ол үшін өкіметтің қаржылай көмегі, қолдауы керектігі жөнінде мәселе көтеріп, Сенат депутаттарына өтініш жасады. Себебі, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін заманауи құрал-саймандардың, жабдықтардың қажеттілігі бір пәске де күн тәртібінен түскен емес, дейді Теңізжан Нұрмаханұлы.

Сонымен бірге, департамент басшысы қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің тозығы жеткен, сыз тартып құлаудың алдында тұрған қабырғаларын слайд-суреттер арқылы көрсетіп, оны жөндетудің, қалпына келтірудің кезек күттірмес мәселе екендігіне көз жеткізді. Сондай-ақ, Сенат депутаттарының алдына жеке серіктестік жобасы бойынша Шымкент қаласы мен Түркістан облысы өңірінде жаңа жағдайдағы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін камералық үлгімен толық жабдықталған жаза өтеу орнын салудың уақыты әлдеқашан жеткендігі жөнінде айтылып, бұл мәселені де өкімет орындары арқылы қолға алудың қажеттілігі туралы өтініш жасалды.

      Іс-шара соңында Сенат депутаттары Владимир Волков, Советбек Медебаев, Аманкелді Төлемісов және Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшысы Теңізжан Жәнібеков жазасын өтеп жатқандарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тиісті тапсырмалар берді.

Сейтхан Зеберханұлы,

 Шымкент қаласы және

 Түркістан облысы бойынша

 ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...