Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қашанғы бұлар айтарын айтып алып, артынан кешірім сұрай салып құтылады?

Танымал

Ел аузында

Өз басым Мухоряповты кәсіпкер ретінде қатты сыйлайтын едім, бірақ, кешегі пікірінен кейін жек көріп кеттім. Мухоряпов сырттан келген адам емес, осы жерде өсіп, өнген кәсіпкер, яғни елдегі қазақ тілі мәселесінің қаншалықты өзекті екенінен хабардар. Ал қосымшаларының барлығы тікелей халықпен жұмыс істейтінін ескерсек, тұтынушылардың қажеттіліктері мен көңіл күйін үздіксіз зерттеп отыратын кәсіпкер, қазақтардың тіл мәселесіне келгенде өре тұра келетінін жақсы білуі керек еді, білмеуі мүмкін емес. Соған қарамастан осындай пікір білдіріп отыр. Сосын тағы бір айта кететін жайт, қанша жыл жұмыс істеп келе жатса да қосымшаларында қазақ тілі жоқ! Яғни, кәсіпкердің тілге деген позициясын осыдан ақ байқауға болады, ал кешегі пікірі оны қуаттай түскендей. Мухоряповтың бұл пікіріне тиісті органдар өз бағасын береді деген үміттеміз. Қашанғы бұлар айтарын айтып алып, артынан кешірім сұрай салып құтылады?

Ерланби Даулетияр

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...