Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Құжатсыз, таңбасыз мал тасымалдаған 600-ден астам азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаментінің жедел-қызметтік жұмысындағы басым бағыттарының бірі бөтен мүлікті ұрлаудың, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу болып табылады. Бұл бағыттағы негізгі іс-шаралар 2021-2023 жылдарға арналған «Мүлікті қорғау жөніндегі» ведомстволық бағдарламасы жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде іске асырылуда.
Аталмыш мал ұрлығының алдын алу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы поилция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен үшжақты келісімшарт түзу бойынша жұмыстар іске асырылуда. Сонымен қатар мал базарларда ветеренария қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар атқарылуда.
Рейд кезінде полицейлер облыс төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап, құжаттарын тексеруде. Ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді бақылауда. Мәселен осындай атқарылған жұмыс нәтижесінде базарларға құжатсыз, сырғасыз малдарды әкелген азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша 637 хаттама толтырылған. Сондай-ақ мал ұстаушы облыс тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін малдарын қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды, түгел таңбалап-сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...