Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Полицейлер тұрғыннан психотроптық дәрінің 250 данасын тәркілеп алды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуда тәулік бойы, үзіліссіз қызмет етуде.
Мәселен Келес АПБ тәртіп сақшыларына «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы кезінде жергілікті тұрғынның бірі үйінде құрамында есірткісі бар, сатуға тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданады деген ақпарат келіп түсті. Хабарлама бойынша полицейлер тұрғынның жеке басын анықтап, одан жауап алды. 50 жастан асқан тұрғыннан құрамында есірткісі бар 250 дана «Трамадол» дәрілерін тапты. Тәртіп сақшылары ер азаматқа заңға қайшы дүниелерді қолдануға болмайтындығын, оның денсаулыққа қауіпті екендігін түсіндірді.
Аталған дерек Келес АПБ-ға тіркеуге алынды. Полиция тарапынан жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...