Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Кінәлі болып қала береді»: Прокуратура рақымшылық жасау тәртібін түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Рақымшылыққа ілінген азаматтар мемлекеттік қызметке, құқық қорғау органдарына жұмысқа тұра алмайды.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев рақымшылыққа ілінген азаматтардың анықтамасында «сотталған» емес, «рақымшылыққа ілінген» деп жазылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шындалиевтің айтуынша, олардың анықтамасында «рақымшылыққа ілінген» деген сөз тұрады.

«Рақымшылыққа ілінген адамдар «ақталған» санатқа жатпайды. Олар шын мәнінде қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылады. Бұл ақтамайтын негіздеме. Сол себепті рақымшылыққа байланысты жазадан құтылған азамат үшін заңнама шеңберінде біршама шектеу бар. Атап айтқанда, рақымшылыққа ілінген азаматтар жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттік қызметке де, құқық қорғау органдарына да жұмысқа тұра алмайды. Ал ол адамның туған-туыстарына, бауырларына, қарындастарына бұл шектеулердің ешқандай қатысы жоқ», – деді ол.

Еске сала кетсек, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Заң бүгіннен бастап күшіне енеді. Ол бойынша Қаңтар оқиғасы қатысты мың жарым адамға рақымшылық жасалатын болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...