Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.3 C
Nur-Sultan
17.1 C
Almaty
21.4 C
Shymkent

Қасым-Жомарт Тоқаев Бекет-ата мешітіне барды

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Бекет-ата жерасты мешітіне зиярат етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи орында жергілікті ақсақалдармен әңгімелесіп, елдік мәселелерді талқылады.

«Қасиетті жерге зиярат ету үшін арнайы келдім. Мұнда 2019 жылы Президент лауазымына кіріскен кезде келген едім. Бүгін жұртшылықпен кездесіп, маңызды мәселелерді талқыладық. Маңғыстау облысының дамуына тың серпін беру керек екенін айттым. Үкіметке тиісті тапсырмалар бердім. Аманшылық болса, келешекте облыста бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бәрі менің бақылауымда болады», – деді Мемлекет басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

№75 мекемесінің сотталғандар арасында есірткіге қарсы шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы бұйрығына сәйкес қоғамның бүгінгі таңдағы ерекше мән беретін өзекті мәселесі...