Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмеуі мүмкін. Заң жобасы әзірленіп жатыр

Танымал

Ел аузында

Үкіметте жаңа заң жобасы дайындалды. Онда мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні көрсетілген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың депутаттық сауалға берген жауабы бойынша Үкімет көші-қон мәселелері бойынша төрт отырыс өткізгені, оның ішінде екеуі премьер-министрдің төрағалығымен өткені белгілі болды.

«Күн сайын келетін РФ азаматтарының саны мемлекеттік шекарадан өтудің орташа әдеттігі деңгейіне оралды.

Елімізде мемлекеттік тілді, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін үйренгісі келетіндер үшін 40 Достық үйінде жұмыс істейтін 174 жексенбілік мектепте мемлекеттік тілді тегін үйренуге жағдай жасалған, онда мемлекеттік тілді үйренумен қатар, қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпымен таныстыру ісшаралары өткізіледі. Мигранттар мемлекеттік тілді әкімдіктер жанындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталықтарының базасында да үйрене алады», – делінген премьер-министр жауабында.

Үкімет басшысы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңда көшіп келушілерге қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында ақылы бейімдеу және интеграциялық қызметтер алу құқығын беретін норма қарастырылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», – деді премьер-министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...