Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлыққа қатысы бар әйелдерді анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының тұрғындарының бірі жеңгетайлықпен айналысатыны туралы шұғыл ақпарат келіп түсті. 
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер екі әйелді ұстады. Олардың екеуі де Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты, біреуі профилактикалық есепте тұрады.
Аталған сезікті әйелдер жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды жалдаумен айналысқан. Содан жеңіл жүрісті қыздарды баспана, тамақпен қамтамасыз етіп, оларға клиенттер іздеген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары қонақ үйлердің бірінде клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жіберілген екі жеңіл жүрісті қызды анықтады.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы "Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша тіркелді. Заттай дәлелдемелер ретінде күдіктілерден ақшалай қаражат тәркіленді.
Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...