Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Жақсылықтың жаршысы болған жаңа бастама

Танымал

Ел аузында

Ағымдағы жылдың шілде айында Батыс Қазақстан облысы бойынша
Соттар Әкімшісіне жаңа басшысы болып, өзіміздің Ақ жайық өңірінің
тумасы Мәлік Сәбитұлы Кенжалиев тағайындалған болатын.


Қызметіне кіріскен сәттен бастап барлық қалалық, аудандық және
оған теңестірілген соттарды аралап сот ғимараттарының жай-күйімен
танысты. Нәтижесінде сапасы сын көтермейтін, ескі ғимараттарға жөндеу
жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-смета дайындалды.

Көптеген соттарда жөндеу жұмыстары жүріп, кейбір соттарда әлі де жалғасын табуда.
Атап айтқанда, облыстық сот, Орал қаласының №2 соты, Орал
қалалық соты, Сырым, Жәнібек, Жаңақала, Бөкей Ордасы, Казталов
ауданының №2 соттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Батыс
Қазақстан облысы Жәнібек ауданының орталығы Жәнібек ауылында болған
апатты жел салдарынан Жәнібек аудандық соты ғимаратының шатыры ұшып
түскен еді, қазіргі таңда Жоғарғы Сот қаражаты есебінен сот шатыры
толықтай ауыстырылды.


Сондай-ақ, сот ғимараттарындағы жуынатын бөлме, кәріз, жылыту
қазандықтары толықтай жөнделді. Сот ғимараттарының ішін ақтап-сылау,
сонымен қатар пандус, электр сымдары, кіре берістегі плиткалар
ауыстырылып конвойлық үй-жайлардың жағдайы ретке келтірілді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...