Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Атырауда облыс әкімінің орынбасары 83,7 млн теңге субсидияны заңсыз төледі деген күдікке ілікті

Танымал

Ел аузында

Атырау облысының әкімдігі әкімнің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, – деп хабарлайды «Ақ Жайық»

«Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша  прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен ол «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 миллион теңге көлемінде инвестициялық субсидияны заңсыз төлеу арқылы бюджет қаражатын ысырап ету дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды«, –  делінген хабарламада. 

Инвестициялық субсидиялар келісімшарттарын жасау және инвестициялық субсидияларды төлеу Қайрат Нұрлыбаевтың Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезінде, 2019 жылдың 26 маусымынан 4 желтоқсанына дейін жүзеге асырылған. Бұл лауазымға ол 2019 жылдың 5 маусымында тағайындалған. Бүгінде «Бұйырғын» кооперативі 83,7 миллион теңге қарызды толық көлемде өтеген.

Нұрлыбаев Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2021 жылдың қаңтарында тағайындалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...