Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Қазақстанда коронавирустың беті қайта бастады

Танымал

Ел аузында

Әлемнің 21 елінде коронавирус инфекциясының беті қайта бастады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. 

«Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тәулігіне 300 мыңның төңірегінде болып отыр. Елді есеңгіреткен дерттен осы күнге дейін 5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 33-інде аурудың өсуі байқалған. Соңғы уақытта әсіресе Польшада сырқаттар саны артып отыр. Көрсеткіш 122%-дан асқан. Грузияда – 98%, Украинада – 69%, Венгрияда – 50%-дан астам, Арменияда – 40%-дан астам, Ресейде – 30%, Молдовада – 20%-дан астам, Түркия, Аустрия және Германия, Қырғызстан, Беларусь елдерінде 2-ден 10%- ға дейін өскен», – деді Алексей Цой.

Алайда, Қазақстандағы жағдай өзге елдермен салыстырғанда көш ілгері. Атап айтқанда, бізде сырқаттану деңгейі 17 пайызға төмендеген. 

«Сырқаттану көрсеткіші Израильде 61%, Испанияда 43%, Швейцарияда 39%, Черногорияда 24%, Италияда 22%, Францияда 16%, Әзербайжанда 7%-ға түскен. Қазақстанда кейінгі екі аптада сырқаттану 17%-ға төмендеді», – деді денсаулық сақтау министрі. 

Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейтінін айтты. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...