Қазақстандықтар Кореяға барып пышақтасып жүр

Танымал

Ел аузында

Оңтүстік Кореяда тұрмыстық жанжал салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.

Оқиға 12 қазанда Чонжу қаласында (Корея Республикасы) болған. Екі қазақстандықтың арасында тұрмыстық жанжал туып, нәтижесінде олардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмған.

«Қазіргі уақытта кісі өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды және тергеу изоляторында отыр», – деп хабарлады министрліктен.

Марқұмның денесін үйіне жіберу мәселесімен Сеулдегі Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі айналысып жатыр.

Шетелге барып жанжалдасып жүрген жерлестеріміздің екеуі де Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргені айтылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...