Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-27 C
Nur-Sultan
-8.1 C
Almaty
-7.7 C
Shymkent

Вакцинация жоспары қайта қаралды – Цой

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация жоспары қайта қаралғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізіліп жатыр. Бүгінде вакцинация жоспары қайта қаралды, екпе салдырғандар саны 11,4 миллион адамға жетті. Бірінші компонентті 8 миллион адам салдырып, тұрғындарды қамту 70,7 пайыз немесе жалпы халықтың 42,7 пайызы, екінші компонентті 7,1 миллион адам салдырды, бұл тұрғындарды қамту бойынша 63 пайызы немесе жалпы халықтың 38 пайызы», – деді Цой Үкімет отырысында. 

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцинацияға қатысты тапсырмалар орындалмай жатқанын айтып, шенеуніктерді жазалауды ұсынған болатын. Оның айтуынша, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жоспардың 10-15 пайызы ғана орындалған.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін, 2026 жылдың 22 қаңтарында, ауа райының күрт нашарлауына, қатты жел соғып, қардың толассыз түсуіне байланысты Түркістан облысында жүк...