Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

2 000 000 теңге: Қазақстандық түлек «Алтын белгісін» сатуға қойған

Танымал

Ел аузында

Онлайн-хабарландыру платформаларының бірінде үздік үлгеріммен бітірген түлек «Алтын белгі» медалін 2 000 000 теңгеге сатуға қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хабарландыру сайтта жарияланып, Қостанай қаласы белгіленген. 

«Жап-жаңа, 2 миллион теңгеге сатамын. Білесіз бе, медаль эксклюзивті, бұлардың саны көп емес! Егер сатып аламын десеңіз 1,5 миллион теңгеге бере аламын», – деп жауап берді телефонда жарнаманың авторы.

Айтуынша, ол биыл мектеп бітірген. Өзін таныстырудан бас тартты. Медаль иесі үздік оқығанын дәлелдейтін естелікті сатқысы келген себебін де айтпады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 738 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда әлдеқайда көп. 

Биылдан бастап «Алтын белгі» медаліне үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектептер емес, білім басқармалары жанындағы комиссиялар тексеретін болады. Оқу озаттарының тізімі осы комиссия шығарған шешімнен кейін ғана бекітіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...