Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері ерікті түрде қан тапсырды

Танымал

Ел аузында

Елімізде жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан қаншама адам қаза тауып, жарақат алады. Бұл өте ойланарлық жағдай. Сондықтан жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу мен жол апаттарының алдын алу, болдырмау мақсатында, 14 қарашадан бері «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» акциясы басталған болатын. Осы іс-шараға байланысты, сондай-ақ ҚР «Халық денсаулығы және оның денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексіне сәйкес Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Донор күнін» өткізді. Яғни отырарлық 30-дан астам полиция қызметкерлері қан орталығына барып, өз еріктерімен қан тапсырды.
Осы тұста айта кеткен жөн, киелі облыс полицейлері үнемі қан тапсырып, мұқтаждарға көмек көрсетіп тұрады. Жалпы қай жерде, қай елде болмасын адамдардың көп қан жоғалтып, қайта құюды қажет ететін жағдайлары орын алатыны белгілі. Полицейлер осындай ауыр жағдайларда, оның үстіне жол апатынан зардап шеккендерге дайын тұрсын деген ниетпен бүгінгідей игі іс жасады.
Сондықтан Түркістан облысының полицейлері өзге де дені сау азаматтарды осылай қан тапсырып тұруға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...