Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Бәйдібек ауданының полицейлері оқушыларға ЖҚЕ туралы түсіндірді

Танымал

Ел аузында

"Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы" акциясы аясында Бәйдібек ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Шаян ауылында орналасқан орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруға байланысты дағдыларды нығайту, жолда жүру қағидаларын сақтау. 
Кездесу барысында полицейлер оқушыларға «Балалардың жол қауіпсіздігі» тақырыбында дәрістер, әңгімелер, сондай-ақ қоғамдық орындардағы, жолдардағы жол қозғалысы ережелерін таныстыру жұмыстарын жүргізді. Ал бастауыш сынып оқушыларын сурет, бейнеролик арқылы бағдаршаммен таныстырды. 
Жиынға қатысқандар тәртіп сақшыларына сұрақтарын қойып, керекті мағлұмат алды. Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін таныстара отырып, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге болмайтындықтарын түсіндіре кетті. 
Тәртіп сақшылары балалармен бірге жолдан өтіп, оларға жаяу жүргінші жолағының адам өмірін сақтайтындығын айтып ұғындырды. Және жолда жүру кезінде басқа дүниелерге назар аудармауды ескертті. Тәртіп сақшылары тарапынан бұндай шаралар әлі де жалғасын табатын болады. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...