Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

AlmaU батыр Асқар Забикулиннің жарына грант тағайындады

Танымал

Ел аузында

Almaty Management University (AlmaU) Асқар Забикулиннің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның ерлігі бізді де тебірентпей қоймады. Әрине, көмек пен қолдау қазаның орнын толтырмайды. Дегенмен AlmaU университеті бұл жағдайды назардан тыс қалдыра алмады.

Университет Асқар Забикулиннің жұбайы Әнел Забикулинаның Астанада MBA бағдарламасы бойынша білім алуына грант бөлді. Грант 2023-2026 жылдар аралығында жарамды.

AlmaU – Қазақстандағы бизнес-білім беру саласындағы халықаралық деңгейде мойындалған көшбасшы. 1996 жылдан бастап экономиканың барлық саласы үшін кәсіпкерлерді, орта және жоғары буын менеджерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттырумен айналысып келеді. 2013 жылдан бері AlmaU – AMBA (MBA’s Association, Ұлыбритания) халықаралық аккредитациясын алған Қазақстандағы жалғыз бизнес мектебі.

Еске салайық, 2022 жылы 16 қарашада астаналық пәтерлердің бірінде өрт шыққан болатын. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілердің өздері зардап шекті. 20 қарашада Асқар Забикулин көз жұмды. Батыр үш адамды аман алып қалды. Оның артында әйелі Әнел мен екі қызы қалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...