Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Жетісу облысы дәрігерлерінің интервенциялық хирургиядағы мүмкіндіктері

Танымал

Ел аузында

Жетісу облысының тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуді жақсарту үшін алғаш рет Облыстық көпсалалы клиниканың директоры Мадияр Аманкелдіұлы Өмірбаевтың басшылығымен радиожиілік абляциясын (РЧА) пайдалана отырып, қатерсіз және қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа әдісі енгізілді. Бұл әдіс қазіргі заманның аз инвазивті және тиімді әдісі болып табылады.
«Интервенциялық емдеу әдістерін енгізудің жақсы нәтижелерін ескере отырып, «Диагностика мен емдеудің Рентгенхирургиялық әдістері» бөлімшесін ашу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, радиожиілік абляциясы арқылы қатерлі және қатерсіз ісіктерді емдеу әдісі бөлімшенің ашылуына орай ұйымдастырылды.
Сатып алынған генератор аппараты тері астындағы хирургиялық процедураларда, лапароскопиялық интраоперациялық коагуляцияда және тіндердің абляциясында қолданылады. Генераторды сатып алғаннан кейін клиникада паренхималық органдарға: бауырға, өкпеге, бүйрекке, сүт безіне, бүйрек үсті безіне, қалқанша безге қатерлі және қатерсіз ісіктерге хирургиялық араласудың жаңа түрлерін жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар жұмыс істемейтін сүйек ісіктерінің ішінара немесе толық абляциясы (қатерсіз кіші түрлерін қоса: остеоидтар мен остеомалар; сүйектің қатерлі метастаздары; гинекология мен урологияда – эндометриялық қан кетулер, миомалар және аденомиоздар кезіндегі абляция; варикозды тамырлардың абляциясы және тамырлы ақаулар бар) жасалады» – деді клиника директоры Мадияр Аманкелдіұлы.
Осыған байланысты, Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен клиникада «Қатерлі және қатерсіз ісіктерді емдеудегі интервенциялық хирургия мүмкіндіктері» тақырыбында жаңа бөлімшенің ашылуына орай мастер класс өткізілді.
Мастер класс шеңберінде пациенттерді қатерлі ісік және бауыр ісігі аурулары кезінде химиоэмболизацияға іріктеу, өкпе және жатыр мойны обыры ісіктерінде өңірлік химиоинфузия мүмкіндігі, сондай-ақ бүйрек обыры мен жамбас ісігі ауруларында ісіктерді эмболизациялау мүмкіндігі мәселелері талқыланды.
Өз тәжірибесімен республиканың жетекші интервенциялық хирургы және осы бөлімшенің меңгерушісі И. Е. Нұрсейітов бөлісті.
Іс-шараның арнайы шақырылған қонағы м.ғ. к., профессор Арыбжанов Дауранбек Тұрсынқұлұлы және Астана қаласының рентгенхирургы Мун Евгений Васильевич болды.
Мастер класстың бірінші күні 7 операция жасалды. Мысалы, бауыр ісіктерінің трансартериалды химиоэмболизациясы, миомалардағы жатыр артерияларының эмболизациясы, тромбоцитопениядағы көкбауыр артериясының эмболизациясы, бауырдың метастатикалық ісіктерінің РЖА және қалқанша безінің қатерсіз ісіктерінің РЖА жасалды.
Барлық операциялар сәтті және асқынусыз өтті. Интервенциялық хирургия әдістері пациент үшін аз инвазивті және ауыртпалықсыз, оңалту кезеңі қысқа уақытты құрайды. Қатерсіз ісіктер үшін РЖА жүргізгеннен кейін науқас алғашқы күндері амбулаториялық деңгейде қаралуына мүмкіндік бар.
Мастер класстың екінші күні алынған материалды бекітуге бағытталды. Аудандардан және қалалық онкологиялық орталықтардан шақырылған әріптестер үшін ГЦК дәрі-дәрмекпен емдеу, ТАХЭ және РЖА енгізу бойынша шетелде дәлелденген материалдар, сондай-ақ ҚР-да осы әдістерді қолдану тәжірибесі тақырыптары бойынша ғылыми баяндамалар ұсынылды.
Қазіргі уақытта бүйрек пен өкпенің қатерлі ісіктерін емдеудің заманауи ерекшеліктерін зерттей отырып, Клиника осы локализация бойынша химиоэмболизацияның аз инвазивті әдістерін енгізуді және өз мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, емдеу әдістемесін Алматы және Астана қалаларындағы онкология және радиология институттары сияқты 3 деңгейдегі медициналық мекемелер ғана меңгерген. Енді мұндай операция Талдықорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиникада да жасалатын болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...