Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілердің нысандарын терроризмге қарсы қорғау бойынша семинар өткізді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау шараларын ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі талаптарды түсіндіру мақсатында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқыту семинарын өткізді.
Оған террористтік тұрғыдан осал обьектілердің басшылары мен өзге де бейінді қызметкерлері, аудан әкімдері, білім және денсаулық сақтау өкілдері, мешіт имамдары қатысты.
Семинар барысында Түркістан облысы ПД полицейлері объектілердің терроризмге қарсы қорғау саласындағы ҚР Заңнамасының нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі «терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары туралы айтты.
Семинарға қатысушылар пікір алмасып, талқыланатын тақырып бойынша өздерін қызықтыратын мамандарға сұрақтар қойды, оларға объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша толық жауаптар мен құқықтық көмектер берді. Кездесу соңында семинарды ұйымдастырушылар қатысушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-әрекеттері туралы брошюралар мен жадынамалар таратты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Полиция дүкен сатушысынан тыйым салынған 90-нан астам вейп тәркіледі

Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында тыйым салынған вейптерді заңсыз сату фактісін...