Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-14.1 C
Almaty
-4.7 C
Shymkent

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын Сайрам ауданының полицейлері өткізді

Танымал

Ел аузында

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға және отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған жастардың қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
Отбасылық құндылықтар тақырыбында студенттермен кездесулер Сайрам ауданы Ақсукент кентінде орналасқан Қарабұлақ ауылындағы Д.Қонаев атындағы колледжде және көпсалалы колледжде өтті. Оларға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Абибуллаев Абдухамид, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметінің қызметкерлері және 150-ден астам студент қатысты.
Кездесу барысында полиция мен психологтар құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме өткізіп, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті және өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Состоялся итоговый круглый стол проекта «Акселератор молодежных организаций города Алматы», организованного Корпоративным фондом «Альянс студентов Алматы» при поддержке Управления...