Сарыағаш ауданы аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды. Іс-шараның басты мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту болып табылады.
Сарыағаш ауданының полицейлері мектеп ғимаратында семинар өткізіп, өткізілген жиынға әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры А Кубегенова, және оқушылар мен мұғалімдер де қатысты. Аталған жиын тәрбиелік мәні жоғары тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы аясында өтті.
Түсіндірме жұмысы барысында ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңестер берілді, әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.
Сарыағашта «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында семинар өткізілді
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі