Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Төлебиде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында ақжаулықты аналармен кездесу өтті

Танымал

Ел аузында

Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бойынша ерекше іс-шара өтті. Жиын Төлеби АПБ бастығының орынбасары Ғалымжан Тұрашбеков пен Төлеби аудандық ПБ -нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы полиция капитаны Ақмарал Боташеваның ұйымдастыруымен өтті. Басты тақырып «Әйел-құқығы, Адам-құқығы».

Іс-шараға арнайы қонақтар шақыртылды. Мәселен психолог Зарина Кульжанова, ата-аналармен тренинг жүргізіп, ерекше серпіліс сыйлады. Сондай-ақ әжелер алқасының төрайымы Айдаркүл Рахишова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Отбасы да сыйластық ынтымақтастық барда, ешқандай зорлық-зомбылық болмайтынын жеткізді.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері әрбір жиында жастарға, жас отбасыларға өмірлік ақыл кеңестерін айтып отыратын ақжаулықты аналарға алғыстарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области в 2024 году родилось около 24 тысяч детей

В 2024 году в Алматинской области родилось около 24 тысяч детей. По числу новорождённых лидируют Карасайский, Илийский, Жамбылский, Енбекшиказахский...