Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
26.7 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысына қатысы бар ер адамды ұстады

Танымал

Ел аузында

Түркістан  қалалық полиция басқармасының қызметкерлері  тұрғынның темір-терсегін ұрлап, сатып жіберген ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, полиция басқармасына жергілікті тұрғын  арызданып келді. 
Жәбірленуші ер адамның айтуынша,  оның ескі сарай ішінде сақтаулы тұрған   2 самаурынын,  аккумулятор қуаттағыш пен ұсақтағыш құралын  белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Келтірілген шығын  көлемі 180 000 теңгеден асады. Түркістандық  сақшылар аталған қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 
Орын алған ұрлықты ашып, кінәлілерді құрықтауда тәртіп сақшылары  бірден іске кірісті. Куәлардан сұрастырып, жедел әрекет етті. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотты болған,  жұмыссыз ер адам  болып шықты. 
Белгілі болғандай, ақша керек болған ер адам түнгі уақытта арам ойын іске асырған. Оңай олжасын үй иесіне байқатпай ұрлап,  заттарды металл қабылдайтын орынға өткізіп, ақшаны жаратқан. 
Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...