Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

«Ұлыңды жұмысқа тұрғызып беремін деп» тұрғынды алдаған әйел анықталды

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш полициясына арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни оның  танысы "ұлынды жұмысқа тұрғызып беремін" деп сеніміне кіріп, 800 000 теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді.
Сарыағаштық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті  тұрғынды анықтады. 
Белгілі болғандай, сезікті әйел  алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
Бүгінгі таңда алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде. Сондықтан облыс полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады.

      Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...