Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

«Борышкер» іс-шарасы барысында 17 көлік айыптұраққа қойылды

Танымал

Ел аузында

Ағымдағы жылдың 6-11 желтоқсан аралығында Түркістан облысының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі қаулылардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету және төленбеген айыппұлдар бойынша борышкерлерді анықтау жұмысын жандандыру.               
Іс-шара кезінде полиция мен сот орындаушыларынан 37 мобильді топ құрылды, олар борышкерлердің көлігін тоқтатып, төленбеген әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғын тексеруде. Егер анықталған жағдайда автокөлік құралдары айыптұраққа орналастырылуда. Сондай-ақ тәртіп сақшылары автокөлік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.               Нәтижесінде, "Борышкер" шарасының алғашқы тәулігінде полицейлер 738 әкімшілік хаттама толтырып, айыппұлын төлемеген 17 жүргізушінің көлігін анықтап, айыптұраққа қойылды. Учаскелік полиция инспекторлары төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша 957 ұйғарым жіберді.            Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков атап өткендей: "Түркістан облысы ПД басшылығының тапсырмасы бойынша облыс орталығы мен аудандарда "Борышкер" іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараға полиция мен сот орындаушылары, сондай-ақ  "Автоураган" жылжымалы кешендері мен "Қорғау" жүйесі тартылған. Олар деректер базасы бойынша көлік ағынында әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарған адамдарды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар жүргізушілерді салынған айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырамыз. Жолдарда абай болыңыз!".

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...