Мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Танымал

Ел аузында

Бәйдібек ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында, жылдамдықты асырып жол ережесін бұзған «Ауди» маркалы автокөлігін тоқтатты. Полицейлер тексеру кезінде, жүргізушінің мас халде көлік жүргізгеніне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысы жүргізушінің мас екенін растады.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді.
Осылайша полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Бәйдібек аудандық сотына жолдады. Сот жүргізушіні  кінәлі деп танып 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. 
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ жол ережесін сақтап, тәртіпке бағынуды қатаң ескертеді. 

   Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR представляет HONOR X9e Pro: смартфон, готовый к самым непредсказуемым сценариям

Повышенная прочность, аккумулятор 11 000 мА·ч, AI-функции для детализированной съёмки и дисплей с пиковой яркостью до 10 000 нит...