Жергілікті тұрғынның үйінің кіреберісінен шолақ мылтық тәркіленді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде заңсыз қару-жарақ сақтауы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түсті.             
 Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.                                    
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын, яғни оның Сауран ауданының тұрғыны екенін анықтап, ұстады. Жедел уәкілдер күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде, оның кіреберіс бөлмесінен 16 калибрлі шолақ мылтық пен атылған оқтарды тауып, тәркілеп алды.                Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар сараптамаға жіберілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...