Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жылу мен ылғалдың мол қоры бар атлантикалық циклон әсерінен қар жауып, боран соғады, желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісі әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

«Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 23 желтоқсанға қараған түні 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанға қараған түні 5-20 аязға дейін көтеріледі», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Психикалық денсаулық саласы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер

Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Алимбек Тәжеков өңірдегі қызметтің дамуы мен болашақ жоспарлар туралы әңгімелейді. — Әлімбек Мұхтарұлы, өзіңіз...